Пятница, 03.05.2024, 21:26
"Жас алаш" ЖОМ оқушыларының сайты
Сіз Гость атпен кірдіңіз | Топ "Гости"Қош келдіңіз Гость | RSS
Басты бет  Менің профилімТіркелу ШығуКіру
Сайт мәзірі

Кіші-чат

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Мектебімнің тарихы

Алтын ұя - мектебім 

Алаш ауылымның іргесі 1929 жылы Мақтаарал ауданының құрамында «2-ші Бесжылдық» колхозы болып қаланған. Бұл колхоздың іргесін қалаған және колхоз председателі Иванов Петр Герасимович болған.

1932 жылы  Иванов Петр Герасимович  сол кездегі Сталиннің қабылдауында болған. Бұл кезде Мәскеуде колхозшылардың ІІ-ші Бүкілодақтық съезі өтіп жатқан болатын. Біздің колхоз социалистік жарыстың жеңімпазы болатын.

1932 жылы колхозда «2 –ші Бесжылдық» бастауыш мектебі ашылған болатын. Ол мектеп 4 бөлмеден тұратын бір қабатты ғимарат болатын. 1938 жылы «2 –ші Бесжылдық» бастауыш мектебі жетіжылдық  болып  өзгертілді. Сол жылдары мектеп директоры Раков Дмитрий Антонович болды.

1941 – 1945 соғыс жылдары арасында мектепті Пузыриков Александр Константинович басқарды. Соғыстан кейін Д.А.Раков  қайта басқарды.

Мектеп 1932 жылдан 1953 жылға дейін «2 –ші Бесжылдық»  болып аталып келді.

1953 жылы «Победа»  мектебі болып өзгертілді. «Победа»  бөлімшесін Иван Василиевич Ти, одан кейін Софианиди Харлампи Георгиевич басқарды.

1953 – 1956 жылдары аралығында мектепті Георгий Наумович басқарды.

1956 жылы колхоз Сверлов совхозы  құрамындағы «Победа» бөлімшесі болып өзгертілді.

1956 – 1964 жылдары аралығында  мектепті Ний Поликарп Андреевич басқарды.

1961 жылы қазіргі  ескі екі қабатты ғимаратымыз салынып, 1962 жылы жаңа ғимаратқа көшірілді, сол жылы №5 «Победа» мектебі 8 жылдық  болып өзгертілді.

1964 жылы мектеп директоры болып Гончарик Павел Игнатьевич тағайындалды.

1965 жылы Ұлы Жеңістің 20 – жылдығына орай мектеп алдына Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан 52 ауылдастарымызды еске алу мақсатында  ескерткіш орнатылды. Оның негізін қалаушылардың бірі – мектебіміздің ардагері, қарт  ұстазы Константин Иванович Гылко.

1969 жылы 2 қабатты мектеп ғимараты жанынан  4 бөлме, 1 дәлізден тұратын 1 қабатты ғимарат салынып, сол жылы № 5 «Победа» сегізжылдық мектебі, №9 «Победа» орта мектебі болып өзгертілді.

1972 – 1991 жылдары «Победа»  бөлімшесін  Джамединов Базарбай Джамединович басқарды.

1990 жылы 2 қабатты, 8 бөлмеден тұратын ғимарат салынып, 1992 жылы қолдануға берілді.

1996 жылы № 9 «Победа» орта мектебі, негізгі мектеп болып өзгертілді.

1998 жылы  № 9 «Победа» негізгі мектебі, № 9 «Победа» орта мектебі болып өзгертілді.

1998 жылы мамыр айында Гончарик Павел Игнатьевич 34 жыл мектеп  директоры қызметін атқарып, зейнеткерлік демалысына шығып, орнына осы мектеп түлегі Срымов Ділдабек Бейсенбайұлы мектеп директоры болып тағайындалды.

Ауылымыздың Алаш аталуына атсалысқандар ұстазым әрі ғылыми жетекшім Сәуле апай мен жолдасы Сыдық Қостаев болатын.

Әртүрлі ұлт өкілдері бірлікте, ынтымақта өркениетке апарар жолдың бастауында тұрғанын ескере отырып, сол кездегі Иіржар ауыл округінің әкімі Оңғар Нахипов бұл ұсынысты бірден қолдады. Ауылдағы мектептің аты «Жас алаш» болып өзгертілуі туралы ұсыныс жасалып, ол да қолдау тапты.

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2000 жылғы  16 – ақпандағы №257 қаулысымен облыс Әкімінің  ұсыныстарын ескере отырып Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар ауылдардың және мектептердің атаулары өзгертілді.



Мақтарал ауданындағы Иіржар ауылдық округіндегі «Победа» ауылы «Алаш» елді мекені болып, №9 «Победа» орта мектебі – «Жас алаш» орта мектебі деп аталатын болды. Мектебімізді 1998 жылдан бастап осы мектептің түлегі Срымов Ділдабек Бейсенбайұлы басқарып келеді. 

Осы кезде ауылда 17 ұлттың өкілдері тұратын еді. Олар: қазақ, неміс, грек, молдован, орыс, тәжік, түрік, болгар, поляк, цыгань т.б. еді.

Осынша ұлт өкілдеріне «Алаш» тағылымының ең құнды құжаты – Алаш бағдарламасы – ұрпаққа  аманатын нақты түрде түсіндіре, жеткізе білу оңай болған жоқ.



80 жылдық тарихы бар мектебіміз 2012 жылы бюджеттен бөлінген қаржыға күрделі жөндеуден өтіп, заманауи тұрғыдағы әсем ғимаратқа айналды.

Мектебіміз аудан көлемінде көгалдандыру, мектепті гүлмен безендіру бойынша тірек мектебі болып табылады.

Бұл істе мектеп директоры Срымов Ділдабек Бейсенбайұлының еңбегі мақтауға тұрарлық. Әр түрлі гүлдерді өсіру, баптау Ділдабек Бейсенбайұлының хоббиі.



Ауылымыз күннен күнге көркею үстінде.

Міне, осы жылдар аралығында мектебімізде оқып білім алған, түлектеріміздің арасында жоғарғы лауазымдарда қызмет ететіндер жеткілікті.

Атап айтар болсақ: Ким Роза, Ким Светлана Ресейдің Санкт–Петербург қаласында ғылыми жұмыстар атқарды. Торяников Татьяна Москва қаласында  терапевт дәрігері болып жұмыс істейді. Фомин Леонид Москва қаласында летчик, Ким Игорь Қазмұнайгаздың бас бағдарлама жүргізуші, Ким В – Талдықорғанның Қазтелекомының бастығы, Торяникова Раиса Владимировна Ташкент қаласында химия ғалымдарының докторы, халықаралық «ЮНЕСКО» ұйымының Арал теңізін сақтап қалу мәселелері бойынша комиссия мүшесі, Ивашков Сергей Новогород қаласында бұрынғы  КГБ қызметкері, Рафиал Багиров – Санкт–Петербург қаласында кеме капитаны, Ахмедиев Тоқтар бұрынғы аудан әкімінің орынбасары, кейін совхоз директоры, қазіргі кезде Иіржар ауыл әкімінің орынбасары қызметінде, Лазарева Аза Махарбековна «Атакент» қалашығы мұражайының директоры, Жамединов Марат Базарбайұлы – «Атакент» қалашығындағы ауруханада Бас дәрігері және аудандық мәжіліс депутаты қызметтерін атқаруда.

Срымов Ділдабек Бейсенбайұлы мектеп директоры болып қызмет етуде, Кирикчи Е.Л. осы мектеп түлегі 40 жылдан астам оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, қазір зейнеткер, демалыста. Қазіргі таңда осы лауазымды менің анам Алданазарова Үмітай Шайманқызы атқарады.

Осы мектептің көптеген түлектері өздері ұстаз болып қызмет атқаруда. Олар: Б.Б Жамединов, Р.Х.Атабуллаев, Г.А. Абдуллаева, А.Н. Нарзиев,

А. Алибекова, Е.А. Джандаров, Қ.А. Жандаров, К.Х. Нарзиева, О.Х. Нарзиева, Ф.К.Хабибов және т.б.

Мектеп түлектері – Срымов Нұралы Қалдыбайұлы 2012 жылы Краснодар өлкесіндегі Жоғары Әскери Академиясын үздік аяқтап, қазір Алматы қаласында әскери байланыс инженері қызметін атқаруда.

Есебаева Алия Алтынбекқызы Павлодар мемлекеттік институтының ағылшын тілі мамандығын үздік дипломмен бітіріп, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасына орай Павлодар облысында ауылдық мектеп интернатта ұстаз болып жұмыс істеуде.

Кенжаева Жанар Құралбекқызы ЖенПи-дің биология факультетін үздік дипломмен бітіріп, магистратурада білімін жалғастыруда.

Осы аталған мектеп түлектері менің жетекшім Сауле апайдың аялы алақанынан шыққандар.

Ғылымдағы ұстаз – шәкірт бақытын аялайтын тілекші, шәкіртіне талмайтын талап сыйлайтын қамқоршы Сауле апайымды мақтаныш тұтамын, оның өз шәкірттеріне жемісті ықпалы, бізді шабыттандырады, ғылымға құштарлығымызды арттырады.

Ауылымның «Алаш» аталуы, 90 жылдық тарихы бар «Жас Алаш» газетімен аттас «Жас алаш» орта мектебінде білім алып жатқанымды мақтаныш тұтамын. Өзім білім алып жатқан «Жас алаш» жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінде 367 оқушы 11 ұлт пен ұлыстардың өкілдері білім алуда.

 

Кіру формасы

Күнтізбе
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Іздеу

Сайттың достары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Copyright MyCorp © 2024 Сделать бесплатный сайт с uCoz