Суббота, 04.05.2024, 01:43
"Жас алаш" ЖОМ оқушыларының сайты
Сіз Гость атпен кірдіңіз | Топ "Гости"Қош келдіңіз Гость | RSS
Басты бет  Менің профилімТіркелу ШығуКіру
Сайт мәзірі

Кіші-чат

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Оқушыларға
Оқыңыз қызық...

Израиль сәулетшісі Ақтауда «мінсіз қала» салмақ

 Тель-авивтың Амнон Рихтер есімді сәулетші Ақтау қаласының маңынан 50 мың адамға арналған қалашықтың жобасын дайындады, деп хабарлайды IzRus израильдік ақпарат агенттігі.

Басылымның хабарлауынша, Амнон Рихтер Израильдегі анархия мен «америкаландырудан» шаршаған екен. Қалашық аумағының ені мен ұзындығы екі шақырым болатын шаршы алаң. Ал теннис ойнайтын алаңдарды қоршаған үйлердің биіктігі 6 қабаттан аспайды екен. Мұнда тіпті велосипедке арналған жол да болмақ.

Ақтаудан басқа да қалаларда Амнонның сызбасы арқылы «мінсіз қалашық» тұрғызылады. Соның ішінде, Нью-Йорктың (АҚШ) Орталық саябағы талданған, ал Барселона (Испания) қаласының ішкі алаңқайы бар тұрғын үй кешендері нысанға алынған.

 


  

Астанаға аспан күмбезін соғу ұсынылды

Архитектор Евгений Невеличков Астананың сол жақ жағалауына күмбез соғуды ұсынып отыр. Өзінің айтуы бойынша, қолайсыз ауа-райынан құтылуға жол ашылмақ.

 Аталған конструкция суыққа байланысты қиындықтардың бәріне жол ашып, миллиондаған туристердің ағылуына мүмкіндік береді. Алайда, миллиондаған долларды алдымен жобаға құю керек болып тұр. Сонда барып қана жылыжайдан аумай қалатын елордамыз жап-жасыл желекті баққа айналып шыға келеді.

Көз алдыңызға елестетіп көріңіз, шақырымдап жабылып жатқан күмбездегі жылылық жылдың барлық маусымында 20 градус температурадан түспейді.

Айта кететін болсақ, дәл мұндай жоба Американың Хьюстон қаласында жақын жылдары жүзеге асырылмақ. Себебі, ол жақта да аптап ыстық пен долы дауыл өмір сүруге мүмкіндік бермей отырған көрінеді. Фторопластиктің арқасында шақырым бойларына көмкеріліп жататын күмбез қаланың орталық бөлігін жаппақ.

  


  

Тау басындағы көрікті шаһарлар

 

  

 

Шетел асып, ел көруді, жер аралауды жаны сүйетін барша қауымның назарына! Егер сіз тыныштық патшалық құрған таза ауалы жерді іздеп жүрсеңіз, өзіңізді күллі әлемнің патшасы ретінде сезінгіңіз келсе, біздің әлемнің ең биік таулы аймақтарында орналасқан таңғажайып қалаларға жасайтын сапарымызға қосылыңыз.

 

4. Намче-Базар (Непал)

 

Теңіз деңгейінен биіктігі 3500м

Намче-Базар бастапқы кезде жергілікті тұрғындар үшін сауда орталығы қызметін атқарған болса, бүгінде бұл мекен – Эверест лагеріне сапар шекен альпинистердің аялдамасына айналып отыр. Мұнда заманауи үлгідегі банк, почта ғимараттары және полиция бөлімшесі бар. Намче-Базардың визитті карточкасы – «Эфверестке қараңыз» атты қонақ үй.

 

3. Лхаса (Гималай)

 

Теңіз деңгейінен биіктігі 3650 м

Біз ұсынып отырған тізімдегі ең атақты қала Тибет астанасы - Лхаса қаласы. Қалада 250 000 халық тірішілік етеді. Тарихқа тұнып тұрған ғажайып ескерткіштер... Мыңдаған ғасырдың куәгері болған ғибадатханалар... Бәрі де көрген көзді ынтықтырады. Бүгінде Лхасада болу миллиондаған туристердің орындалмас арманына айналған.

 

2. Потоси (Боливия)

 

Теңіз деңгейінен биіктігі 4090м

 ЮНЕСКО-ның қорғауындағы бұл қала бір кездері күміс өндіру орталығы болған деседі. Сондай-ақ, ол өз заманында Америка құрлығындағы ең алып, ең дамыған қалалардың қатарынан көріне білген. Туристер жер астындағы күмістің мол қорына қарап, Потосиге «бай қала» деген ат берген. Және де Сервантестің «Дон Кихот» шығармасында Потоси «байлық тұнған қала» деп көрсетіледі.

 

1. Ла-Ринконада (Перу)

 

Теңіз деңгейінен биіктігі 5100м

Әлемдегі ең биік орналасқан қала - Перу жеріндегі Ла-Ринконда қаласы. Бұл жерде тұру былай тұрсын, қыдырып барудың өзіне жүрек керек. 30 000-ға жуық дәл осындай ер жүрек, қайсар адамдар бүгінде қалада тіршілік етіп жатыр. Олардың көпшілігі мұндағы алтын кенінде жұмыс жасайды.

 

 


  

Жүзетін кинотеатр

 

Неміс сәулетшісі Оле Ширен Тайланд жеріндегі Яо Ной аралының жағалауына жобасын өзі жасап шыққан ерекше кинотеатр тұрғызды. Кинотеатрдың ерекшелігі – оның жүзетінінде жатыр. Ашық аспан астында орналасқан кинотеатрдың көрермендер залындағы орындықтары қарапайым материалдардан жасалған, ал одан 50 м қашықтықта аса үлкен экран қойылған. Өзіңіз байқап отырған боларсыз, көрермендер кез келген фильмді су бетінде отырып тамашалайды.

 

"Archipelago Cinema" деп аталатын бұл кинотеатрды алыстан арбалап іздеп келетіндердің саны өте көп. Билет жетпей қалып, өкпелеп қайтатындар қатары да жоқ емес.

 

«Су бетінде отырып фильм тамашалау» дейміз ғой, алайда, көрінісі көз тартар жартастар арасындағы экран... Толқындар құшағында тербеліп отырған көрермен... Сырт көзге бұл көріністің өзі «фильм» болып көрінбей ме?

 

Бір өкініштісі, егер таңдаған фильміңіз көңіліңізден шықпай қалып жатса, қарапайым кинотеатрлардағыдай шығып кете салу мүмкіндігіңіз жоқ. Ал егер, керемет жүзгіш болсаңыз, онда әңгіме басқаша....


   

 Чехияда Lego конструкторынан әлемдегі ең биік мұнара 

Чехия астанасы Прага қаласында Lego конструкторларынан биіктігі 32,5 метрлік мұнара салынды. Бұл көрсеткіш арқылы ол конструкторлар ғимараты арасындағы әлемдегі ең биігі атанды. Бұл туралы Lego Group компаниясының жергілікті өкілдігі хабарлап отыр.



Ғимарат құрылысын салу барысын бірнеше жүздеген адам тамашалады. Ал балаларға ойын бағдарламалары ұйымдастырылды. Мұнара басындағы ең соңғы кубикті Чехия атынан ескек есуден Олимпиада ойындарында топ жарған қыз Мирослава Кнапкова қойды. Бұл ғимарат биіктігі осыған дейін Ұлыбританияда салынған дәл осындай мұнарадан 30 сантиметрге биік екен.

Lego Group - балалар санасын дамытуға арналған құрастырмалы ойыншықтар (конструкторлар) шығаратын әлемдегі ең атақты компания. Lego конструкторларының дені бір-бірімен жалғануға арналған пластмассадан жасалған блоктардан тұрады. Lego (Leg Godt) сөзі "жақсы ойнап үйрен" деген мағынаны білдірсе керек. Компанияның бас офисі Даниядағы Ютландия түбегінде орналасқан. Қызық жағдай, дәл осы жерде толықтай Lego конструкторларынан салынған Леголенд (Legoland) қаласы орналасқан екен.


 

   Қарапайым заттардың қолданыстағы ерекшелігі

Бүгін сіздердің назарларыңызға қарапайым заттардан жасалған ерекше дүниелерді ұсынамыз. Пайымдай білген адамға дайындай салу қиын болмасы анық.


Көліктен жасалған төсек  


 

Ескі үстелден жасалған әткеншек


 

Шайтанарбадан жасалған қол жуатын жер

 


 

Ағаш сатыдан жасалған кітап сөресі

 


 Арбадан жасалған кресло

 


 

Шабаданнан жасалған кресло

 


Қоймадағы үстелден жасалған ілгіш

 


 

Ескі белдіктерден жасалған орындық

 



Нан салғыштан жасалған зарядтау орталығы

 


 

Ваннадан жасалған төсек


 

Кіру формасы

Күнтізбе
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Іздеу

Сайттың достары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Copyright MyCorp © 2024 Сделать бесплатный сайт с uCoz