Пятница, 03.05.2024, 21:27
"Жас алаш" ЖОМ оқушыларының сайты
Сіз Гость атпен кірдіңіз | Топ "Гости"Қош келдіңіз Гость | RSS
Басты бет  Менің профилімТіркелу ШығуКіру
Сайт мәзірі

Кіші-чат

Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Ауылымның тарихы

Ауылым – атамекенім

                                                                         Қайда жүрсем атамекен,        

                                                                         Көкейінде жатады екен.

                                                                         Күннің өзі қимай оны,

                                                                         Ұясына батады екен.

 

Барлық нәрсенің бастауы болады, басы болады дейміз. Олай болса, біздің жайнаған ауылымыздың да кешегісі, тарихы бар. Сағым басқан сайын далаға алғаш түрен салып, тіршілік көзі – сонау Сырдан су тартып, өнім алып, үй салған да біздің ата-бабаларымыз, туыс-бауырларымыз. Соларды ұрпақтары жалғастырып келеді, жалғастыра беретіні сөзсіз.

Мен, Апсаматов Бегім Абсадықұлы 1997 жылы Жызақ облысы, Мырзашөл ауданында дүниеге келдім. Әкем Койлыбаев Абсадық Апсаматұлы Мақтарал ауданының тумасы, қазір «Жас алаш» жалпы орта мектебінде орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. Анам Алданазарова Үмітай Шайманқызы Жетісай өңірінде туылған, қазіргі таңда «Жас алаш» жалпы орта мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, математика пәнінің мұғалімі.

Менің отбасымда үш әпкем, бір ағам бар. Әпкелерім жоғары оқу орындарын бітіріп, мамандықтары бойынша жұмыс істейді, үшеуі де отбасылы. Ағам Шымкент қаласында ХГТУ-дың 2 курс студенті.

Мен Иіржар ауылдық округіне қарасты «Алаш» ауылының «Жас алаш» жалпы орта мектебінің 10 сыныбында оқимын. Ауылымның тарихи шежіресін зерттеуді мақсат етіп қойдым. Ұстазым Бектасова Сауле Қайырханқызымен бірге ғылыми жұмысымды бастадым.

Мақтарал ауданы – менің ата-бабамның, әке-шешемнің туған өлкесі, Алаш ауылы менің өсіп отырған ортам, қара шаңырағым. Мен осы ауылда алаңсыз бақытты балалық шағымды өткерудемін. Мектебіміз кішкене болса да, ұстаздарымыздың арқасында сапалы да, терең білім алудамыз, талай жетістіктерге жететінімізге сенімдімін.

Біздің ауыл Қазақстанның қиыр оңтүстігінде, Өзбекстан Республикасымен шекарада орналасқан. Оны Жер серігінен түсірілген фото суреттен көруге болады.

Қазіргі таңда Алаш елді мекенінің Шапағат учаскесімен қоса жер аумағы 107 мың га, елді мекенде 285 аулада (пәтер), 1270 адам тұрады. Ауылда 177 шаруа қожалығы бар.

  Өзіме бір түрлі жылы, бір түрлі қызықты, ет бауыр жақын, ауылым күннен – күнге көркейіп келеді. Мұнда аңқылдаған, ақжарқын қарапайым ауыл адамдары өмір сүреді. Олар туған жерді гүлдендіру үшін оның топырағына тер төгіп, күндіз-түні тыным таппай еңбек етеді. Тарихтың зерттелмеген тұстары өте көп қой. Сондықтан өзім тұратын ауылымның шежіресін зерттеуге өз үлесімді қоссам деген үмітім бар.

  Ауылымның тарихы тереңде жатыр.

1883 жылы Мырзашөлді игеруге патшаның туысы, өз өтінішімен осында жіберілген князь Н.К.Романовтың кірісуімен бастау алады. Соның нәтижесінде үлкен канал құру жобасы бекітіліп «Большой Голодностепкий канал» құрылды, оған Н.К.Романовтың аты беріліп, кейін С.М.Киров атындағы канал бүгінде «Достық» каналы болып өзгертілген. 1918 жылы В.И.Ленин Түркістан өлкесін суландыруға 50 млн. сом қаражат бөлу және осы жұмыстарды ұйымдастыру туралы Декретке қол қойғаннан соң, 1918 жылдың соңында осы аймақтың барлық елді мекендерінде кеңес үкіметі орнатылып, Мырзашөлді игеру одан әрі жалғасын таба бастады. Ташқазақ уезіне қараған Мақтаарал, Иіржар болыстары және Мырзашөл массивінің басым аумағы Грузия үкіметіне жалға беріліп, осы аумақ Грузареңде деп те аталған.

Қазіргі таңда ірілендірілген Мақтаарал ауданының бастау көзі, қара шаңырағы 1928 жылы 17-қаңтарда Ташқазақ уезі мен болыстар таратылып, бұрынғы Иіржар болысының негізінде Иіржар ауданы шаңырақ көтерді.

1928 жыл 3-ші қыркүйек Иіржар ауданының құрылған күні болып табылады.

1930 жылы Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен Иіржар ауданы Мақтаарал ауданы болып атала бастады. Аудан орталығы болып Славянка селосы белгіленді.

1993 жылға дейін Славянка поселкесі болып келген елді мекен аудандар біріккен соң мемлекеттік ономастикалық комиссиясының шешімімен Мырзакент поселкесі болып, 2005 жылы Мырзакент кенті болып өзгертілді.

 Алаш ауылымның іргесі 1929 жылы Мақтаарал ауданының құрамында «2-ші Бесжылдық» колхозы болып қаланған. Бұл колхоздың іргесін қалаған және колхоз председателі Иванов Петр Герасимович болған.

1932 жылы  Иванов Петр Герасимович  сол кездегі Сталиннің қабылдауында болған. Бұл кезде Мәскеуде колхозшылардың ІІ-ші Бүкілодақтық съезі өтіп жатқан болатын. Біздің колхоз социалистік жарыстың жеңімпазы болатын.

 

Ауылымыздың Алаш аталуына атсалысқандар ұстазым әрі ғылыми жетекшім Сәуле апай мен жолдасы Сыдық Қостаев болатын. Әртүрлі ұлт өкілдері бірлікте, ынтымақта өркениетке апарар жолдың бастауында тұрғанын ескере отырып, сол кездегі Иіржар ауыл округінің әкімі Оңғар Нахипов бұл ұсынысты бірден қолдады. Ауылдағы мектептің аты «Жас алаш» болып өзгертілуі туралы ұсыныс жасалып, ол да қолдау тапты.

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2000 жылғы  16 – ақпандағы №257 қаулысымен облыс Әкімінің  ұсыныстарын ескере отырып Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар ауылдардың және мектептердің атаулары өзгертілді.

Осы кезде ауылда 17 ұлттың өкілдері тұратын еді. Олар: қазақ, неміс, грек, молдован, орыс, тәжік, түрік, болгар, поляк, цыгань т.б. еді.

Осынша ұлт өкілдеріне «Алаш» тағылымының ең құнды құжаты – Алаш бағдарламасы – ұрпаққа  аманатын нақты түрде түсіндіре, жеткізе білу оңай болған жоқ.

Ауылымыз күннен күнге көркею үстінде.


Мектебіміздің жанынан 2012 жылы осы ауылдың тумалары, мектебіміздің түлектері Срымов Қалымбет пен Ауелбекова Нұрлыгүл «Балбөбек – Еламан» бөбекжай балабақшасын жауапкершілігі шектеулі серіктестік негізінде ашып, ауылдың сұранысын қамтамасыз етіп, алғысқа бөленіп отыр.



Ауылымыздың іргесінде 20/47 әскери бөлімінің «Алаш» шекара бекеті салынуда.

Ауыл тұрғындарының денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында ауылда фельдшерлік пунктінің жаңа ғимараты да салынып халық игілігіне пайдаланылуда.

2011 жылы ауылдағы жол ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Алдағы жылдары елді мекен газбен қамтамасыз етіледі.

Міне, осы жылдар аралығында мектебімізде оқып білім алған, түлектеріміздің арасында жоғарғы лауазымдарда қызмет ететіндер жеткілікті.

Атап айтар болсақ: Ким Роза, Ким Светлана Ресейдің Санкт–Петербург қаласында ғылыми жұмыстар атқарды. Торяников Татьяна Москва қаласында  терапевт дәрігері болып жұмыс істейді. Фомин Леонид Москва қаласында летчик, Ким Игорь Қазмұнайгаздың бас бағдарлама жүргізуші, Ким В – Талдықорғанның Қазтелекомының бастығы, Торяникова Раиса Владимировна Ташкент қаласында химия ғалымдарының докторы, халықаралық «ЮНЕСКО» ұйымының Арал теңізін сақтап қалу мәселелері бойынша комиссия мүшесі, Ивашков Сергей Новогород қаласында бұрынғы  КГБ қызметкері, Рафиал Багиров – Санкт–Петербург қаласында кеме капитаны, Ахмедиев Тоқтар бұрынғы аудан әкімінің орынбасары, кейін совхоз директоры, қазіргі кезде Иіржар ауыл әкімінің орынбасары қызметінде, Лазарева Аза Махарбековна «Атакент» қалашығы мұражайының директоры, Жамединов Марат Базарбайұлы – «Атакент» қалашығындағы ауруханада Бас дәрігері және аудандық мәжіліс депутаты қызметтерін атқаруда.

Кіру формасы

Күнтізбе
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Іздеу

Сайттың достары
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Copyright MyCorp © 2024 Сделать бесплатный сайт с uCoz